ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы- Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Қызылорда облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Негізгі функционалдық міндеттері: Департамент қызметінде заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, іс жүргізу заңдылықтардың, нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтар талаптарын сақтау.
Техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау қызметі бойынша жұмысқа талдау және бақылау жүргізу, өнімді өткізу сатысында оған қатысты техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру. Департаменттің есептік деректерін жинақтауды және талдауды жүзеге асыру (апталық, ай сайын, тоқсан сайын, бір жылғы). Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жетекші маманға жүктелген және ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.12.2020
- онлайн
-
Утегенова Дана
8 771 592 7279