Электрондық сауда саласындағы кибер алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді талқылау

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Сауда және интеграция министрлігімен бірлескен жұмыс шеңберінде 2025 жылғы 4 тамызда Сауда және интеграция вице-министрі А.И. Нүсіповтың төрағалығымен электрондық сауда саласындағы кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске мемлекеттік органдардың (БП, ІІМ, ЦДИАӨМ), ірі онлайн-платформалардың (маркетплейстердің) және салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кеңес барысында e-commerce саласындағы өзекті сын-қатерлер, оның ішінде электрондық сауда туралы заңнаманы жетілдіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту және интернет-алаңдардың жауапкершілігі, сондай-ақ кибералаяқтыққа қарсы күрес үшін антифрод жүйелерін енгізу мәселелері талқыланды.

Электрондық сауда саласында ашықтықты, сенімді және орнықты өсуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік пен бизнес арасында тиімді өзара іс-қимыл орнату қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді, оның ішінде онлайн-платформаларда кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша
іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Министрлік нарық қатысушыларымен ашық диалог жүргізуге дайындығын білдіріп, Қазақстанда қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті цифрлық сауда ортасын қалыптастыруды негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіледі.

Жарияланған күні

05 тамыз 2025

Жаңарту күні

05 тамыз 2025

Жарияланымның авторы