Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырысындағы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің баяндамасы

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

Қазақстан үшін Сингапурмен жасалған келісім көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы алғашқы келісімі болып отыр.

Сингапур көрсетілетін қызметтерде дамудың озық тәжірибесіне ие, бұған оның экономикалық көрсеткіштері мен инновациялық жетістіктері дәлел бола алады.
Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы және жалпы әлемдік экономикадағы флагман, сондай-ақ, ірі IT және қаржы хабы болып табылады.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 1-де,8 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 94%-ды құрайды.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы 2023 жылы 9-да,6 млн. АҚШ долларын құрап, қазақстандық көрсетілетін қызметтер экспортының үлесі  37%-ды құраған.

Анықтама үшін: Қазақстаннан Сингапурға 2023 жылы 3,5 млн. АҚШ доллар сомаға көрсетілетін қызметтер берілді. Сингапурдан Қазақстанға 2023 жылы 6 млн. АҚШ доллар сомаға көрсетілетін қызметттер берілді.

Келісім шеңберінде қазақстандық бизнес үшін Сингапурдың көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділікті кеңейтіп, жақсарттық. Осылайша, Сингапур Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндетемелер шеңберінде ашылған көрсетілетін қызмет секторларынан басқа, Қазақстан үшін дистрибьютерлік қызметтер, білім беру саласындағы қызметтер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер нарығына қосымша жол ашты.

Одан бөлек, Келісім инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы және болжамды жағдайларды көздейді, сондай-ақ халықаралық практикаға сәйкес инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, инвестициялар шеңберінде Қазақстан үшін көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өнім үлесі талаптарын, экономиканың аса елеулі салаларында – жер қойнауын пайдалану, жер мәселелері, жаңартылған энергия көздері – шектеу шараларын қолдану құқығы сақталды.

Қазақстанға Сингапурдың салған тікелей инвестицияларының көлемі соңғы 10 жылда
1-де,7 млрд. АҚШ долларын құраған. 2023 жылы Сингапурдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 457 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

Жалпы, көрсетілетін кызметтер саласы әлемдік экономиканың аса ірі және перспективалы секторы болып табылатынын атап өткен жөн. Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі көрсетілетін қызметтер үлесі дамыған елдерде шамамен 75% және дамушы елдерде 50%-ды құрайды.

Қазақстанның жалпы ішкі өнім құрылымында көрсетілетін қызметтердің үлесі 50%-дан асады. Осыған байланысты, әлемдік тәжірибеде көрсетілетіндей қызметтер саласын ілгерілету және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы мен инвестициялар туралы келісімдер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан үшін бұл көрсетілетін қызметтер еркін саудасы туралы алғашқы келісім. «Азия елдері арасындағы төрт жолбарысының бірі – Сингапур» біздің алғашқы серіктес болып отыр.

Сингапур – қызметтер саудасы мен инновациялар саласында баға жетпес тәжірибесі бар серіктес. Мұндай серіктеспен жасалған келісім – үлкен жетістік.  Бұл құжат тәжірибе алмасуда, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай серпін беріп, табысты болады деп санаймыз.

Ұсынылып отырған Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймыз.

Жарияланған күні

12 маусым 2024

Жаңарту күні

12 маусым 2024