Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 8 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

2)  нысанға сәйкес өтініш;

3) кандидаттың қызмет саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі  ұсынылады.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2019 жылдың  13 тамызына дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс, Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі немесе d.abueva@economy.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуді сұраймыз.  

Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-92-00, 74-31-49, 8-777-770-69-25.  

Нысан

Кімге __________________________________

(республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті деңгейлердегі өкілетті органның атауы)

________________________________ тұратын

(елді мекен, көше, үй, пәтер)

кімнен________________________________

______________________________________

(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))

Өтініш

         Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1)   __________________________________________________________

2)   __________________________________________________________

3)   __________________________________________________________

4)   __________________________________________________________

5)   __________________________________________________________

6)   __________________________________________________________

7)   __________________________________________________________

 

 

2019 ж.     «____» ___________        Өтініш берушінің қолы _______________

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидаттың өмірбаян деректері

  1. АЖТ (толық)__________________________________________
  2. Дүниеге келу күні және туған жері__________________________
  3. Білімі, мамандығы _______________________________________
  4. Жұмыс орны ___________________________________________
  5. Лауазымы ___________________________________________
  6. Қоғамдық қызметі _____________________________________
  7. Тұратын жері _________________________________________
  8. Жеке куәлік мәліметері _________________________________
  9. Телефондары (ұялы, қызметтік, үй) _______________________

 

2019 ж. «____»____________

Қолы _______________

Жарияланған күні

31 шілде 2019

Жаңарту күні

31 шілде 2019

Жарияланымның авторы