Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Үкімет отырысындағы баяндамасы
Көру саны:170
Жаһандық электрондық сауда нарығы озық қарқынмен өсуде. Электрондық сауда жан-жақты дамуға ықпал ете отырып, Әлемдік экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналды.
Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша
2026 жылға қарай В2С әлемдік электрондық нарығы – сегіз де екі триллион АҚШ долларын (8,2 трлн) құрайды. Олардың бағалауы бойынша, 2022 жылы бұл көрсеткіш бес те жеті триллион АҚШ долларын құрады.
2022 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданың үлесі – он екі де бес пайызды (12,5%) құрады, бұл шамамен екі триллион теңге (1 963 млрд. тг).
Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар: үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер.
2022 жылдың қорытындысы бойыншаэлектрондық сауда қызметтер нарығының көлемі бір де екі триллионтеңгені құрады, оның елу де үш пайызы(50,3 %) жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.
Өткен жылдың он бір айында электрондық сауда көлемі шамамен екі де екі триллион теңгені (2 183,1 мрлд.тг) немесе бөлшек көлемінен он үш пайызды (16 793,1 мрлд.тг) құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған электрондық сауда үлесі он үш те екі пайызды құрауы тиіс.
Әлихан Асханұлы, Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай жиырма пайызға дейін жеткізу міндеті тұр.
Басқа да атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсам.
Бірінші кезекте, Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп электрондық коммерцияның статистикасын қалыптастыру әдс-темесін қайта қарадық.
2025 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдадық.
Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түзетулер әзірленіп, қазіргі таңда осы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Электрондық коммерция мектебі жобасы іске асырылды, оның шеңберінде екі мыңнан астам Шағын және орта бизнес субъектілері оқыту курсынан өтті.
Маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Бүгінде Сlever Market маркетплейсінің басты парақшаларында қазақстандық өнімге баннер шығарылды, алдымен қазақстандық өнімді іздеу нәтижелерін шығаруда басымдық берілді.
Қытайдың Alibaba (2022ж. маусым) және JD.com (2023 ж. мамырда) ірі маркетплейстерінде ұлттық павильондар ашылды.
Бүгінгі таңда Alibaba-да жеті мың бес жүз тауар, JD.com-да тауарлардың отызтүрі ұсынылған, осы платформаға
1 жарым миллионнан астам қазақстандық қызығушылық танытуда.
Қазақстанда екі ірі ресейлік маркетплейстер – Озон және Вайлдберриз жұмыс істейді.
2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Oзoн алаңында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны –
қырық бес мың төрт жүз, Вайлдберриз аланында – елу бес мың жеті жүз төрт.
Oзон маркетплейсі екі фулфилмент-сұрыптау орталығын іске қосты (Алматы – 5000 ш.м., Астана – 38 000 ш.м., қосымша Алматыда – 43 000 ш.м. жоспарлануда), барлық қалаларда бір мың жүз сексен тоғыз (1189) тапсырыстыжеткізу пункті ашылды.
Вайлдберриз маркетплейсі жалпы ауданы жиырма тоғыз мың алты жүз шаршы метрді (29 600 м2) құрайтын алты логистикалық орталық және алты жүз жиырма бір тапсырысты жеткізу пункті ашылды, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында екі фулфилмент орталығын салуы жоспарлануда.
Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының профильді министрліктерімен меморандумға қол қойылды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда алты елден үш жүзден астам қатысушы қатысқан Бірінші Орталық Азия электрондық коммерция форумы өтті.
Өткен жылы Орталық Азия елдерінің бірыңғай платформасы Central Asia Gateway іске қосылды. Ол
Абу-Даби қаласында өткен Дүниежүзілік инвестициялық форум аясында «Үздік сауда ақпараттық порталы» номинациясы бойынша Digital Government Awards жеңімпазы атанды.
Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын, жеке тұлғалардың электронды түрде қызмет көрсетумен айналысатын шетелдік компаниялар үшінGoogle салығы (импорт салығы) деп аталатын салық енгізілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша алпыс шетелдік компания тіркелген, олардың төлеген салық сомасы
отыз төрт те сегіз миллиард теңгені құрады (2022 ж. – 16,4 млрд.тг, 2023ж. – 18,4 млрд.тг).
Электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшінҚытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жалғастырылатын болады.
Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын алпыстан жеті күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сауда бөлігінде шағын және орта бизнес субъектілеріне кешенді мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіпбарлық өңірлерде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бүгінде мұндай оқыту орталықтарыбатыс өңірінің төрт облысында іске қосылды.
Кәсіпкерлерге маркетплейстерде қалай тіркелуді, тауарды қалай сатуды және логистиканы құруды үйретеді. Егер экспорттық әлеует болса, онда мұнда контрпартнер іздеуден бастап сақтандыру және қаржылық шараларды қоса алғанда, көлік шығындарын өтеуге дейінгі Қазтрейд және ҚазақЭкспорт құралдары қосылады.
Халықаралық ұйымдар шеңберінде жұмыс жалғасатын болады.
Электрондық сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын жүз миллион АҚШ долларынан асаұлғайтуды көздеп отырмыз.
«Nomads of Central Asia» брендісінің қол-өнер сияқты тауарларын бірлесіп іске асыру үшін Орталық Азиямен бірге ірі әлемдік маркетплейстерде Орталық Азия павильонының ашылуы пысықталатын болады.
Министрлік пен бизнес арасында сындарлы диалог құру үшін Атамекен ұлттық палатасында тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы іске қосылды. Бұл электрондық сауданы дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөнінде жедел, ең бастысы тиімді шешім қабылдауғамүмкіндік береді.
Жалпы, жоғарыда аталған бастамалар электрондық сауданыдамытуға өз үлесін қосады және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады.