«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының реттеушілік әсерін талдау бойынша жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сіздерді 2023 жылғы 29 тамызда сағат 16.00 – де (ZOOM арқылы) «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (бұдан әрі - Заң жобасы) реттеушілік әсерін талдау бойынша қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабардар етеді.

Сондай-ақ, Сіздерді Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Заң жобасын 2023 жылғы 31 тамыз сағат 9.00-ден 2023 жылғы 04 қыркүйек сағат 18.30-ға дейін орналастыру туралы хабардар етеміз.

Мүдделі тұлғалар қоғамдық талқылауға қатысу үшін кандидатураларды 2023 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзімде u.mirkhakimov@mti.gov.kz (аты-жөні, лауазымы, байланыстары) электрондық поштаға жібере алады.

Жарияланған күні

15 тамыз 2023

Жаңарту күні

15 тамыз 2023