Қазақстан Республикасы Заңы жобасының реттеушілік әсерін талдау бойынша жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сіздерді 2023 жылғы 24 тамызда сағат 11.00 – де (ZOOM арқылы) «Техникалық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (бұдан әрі - Заң жобасы) реттеушілік әсерін талдау бойынша қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабардар етеді.

Сондай-ақ, сіздерді Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Заң жобасын 2023 жылғы 25 тамыз сағат 9.00-ден 2023 жылғы 29 тамыз сағат 18.30-ға дейін орналастыру туралы хабардар етеміз.

Мүдделі тұлғалар қоғамдық талқылауға қатысу үшін кандидатураларды 2023 жылғы 22 тамызға дейінгі мерзімде m.faleev@mti.gov.kz (аты-жөні, лауазымы, байланыстары) электрондық поштаға жібере алады.

Жарияланған күні

10 тамыз 2023

Жаңарту күні

10 тамыз 2023