ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша тезистері

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың

ҚР Үкіметінің отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша тезистері

Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 12 сәуір, «Үкімет Үйі» ғимараты, каб. А303, 09:00 сағ.

 

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

 

Слайд 1

Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ке өсті.Бұл ретте, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағалар 4,8%-ке қымбаттады. Өсімнің 4,1 проценттік пункті карантиндік дүрлікпе салдарынан наурыз айында байқалды.

 

Слайд 2

Қабылданған жедел іс-шаралардың нәтижесінде бағалар өзгеруі тұрақтанды. Соңғы үш аптада өсім 0,2%-ті құрады.Өткен жылы дәл осы кезеңде бағалар 3,5%-ке қымбаттады. Естеріңізге салдырып кетейін, сол күндері алғашқы карантиндік шараларын қабылдауының себептерінен бағалардың ажиотаждық өсімі тіркелді.

 

Слайд 3

Бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 45 іс-шарадан құрайтын Бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасы мақұлданды.

 

Слайд 4

Жол картасын орындау аясында наурызда жедел шаралар қабылданды, атап айтқанда:           

  • монополияға қарсы ден қою шаралары іске асырылды;-шекті бағалар енгізілді (жұмыртқаға Алматы қ., Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысында және күнбағыс майына Батыс Қазақстан облысында);
  • әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалды;-            ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді;
  • сауда объектілерінде әлеуметтік сөрелер орнатылды;
  • күнделікті мониторинг және атқарылып жатқан жұмыс жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жарияланды.«Айналым схемасы» жыл басынан 30% ұлғайтылып қаржыландыру 24,3 млрд. теңгені құрады.

Қосымша 8,3 млрд. теңгені бөлу жоспарлануда. 

 

Слайд 5

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады.6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% орын алды.Ең аз 2,9%-ке өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бағаның өсуіне жол бермеу атқарушы органдардың маңызды көрсеткіші болып табылады. Жоғарғы өсім – қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді.

 

Слайд 6

Осыған орай, Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, бүгінгі отырыстың хаттамасына келесі тапсырмаларды бекітуді ұсынамын.

  1.   Бағаның ең жоғарғы өсіміне жол берген жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарларына  тәртіптік шараларды қолдану.
  2. Бәсекелестікті қорғау және реттеу агенттігіне үстем бизнес субъектілерінің бағалық сөз байласуына жол бермеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.
  3. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға карантиндік шараларды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарларының, әсіресе импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған өнімдерінің бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтіп, тиісті әрекет ету.
  4. Бағаны ұстап тұрудың ең тиімді механизмі екенін ескере отырып, «айналым схемасын» 50 млрд. теңгеге дейін жеткізу шараларын қабылдау. 

 

Назарларыңызға рақмет!

 

Презентация

Жарияланған күні

12 сәуір 2021

Жаңарту күні

12 сәуір 2021