А.А.Шаккалиевтің баяндамасы 14.12.2022

А.А.Шаккалиевтің баяндамасы 14.12.2022

Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің баяндамасы

Слайд 1

Мемлекет басшының бағаны тұрақтандыру тапсырмаларына сай министрліктің қызметі азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлудің біркелкі жүйесіне, сауда инфрақұрылымының жұмысына негізделуде.

Біріншіден, "форвардтық сатып алуды", тұрақтандыру қорларын пайдалану, «айналым схемасы» механизімін қайта форматтау арқылы нарықты отандық тауарларымен толықтыру;

Екінші, сауда инфрақұрылымын дамыту;

Үшіншісі, техникалық және экономикалық тұрғыдан ішкі нарықты қорғау;

Төртіншіден, сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиімсіз делдалдарды анықтау арқылы өндірілген өнімді өткізуге жағдай жасау.

-

Слайд 2

Өндіріс көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жедел шаралар

- «айналым схемасының» жаңа тәсілдеріне негізделе қант зауыттарын қаржыландырып, ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеміз;

Тұрақтандыру қорлары қызметінің форматы өзгертілді, басты назар - маусымаралық кезеңде нарықтық бағалардың маусымдық ауытқуын реттеу.

Біз өз көкөністерімізбен сәуір айына дейін нарықты қамтамасыз етеміз, әрі қарай шетелден ерте пісетін көкөністерімен қамтамасыз етеміз;

12 тауардың өзіндік құнын төмендету үшін Азық түлік корпорациясы арқылы астық бағасы арзандатылады;

 

Слайд 3.

Біз қазіргі заманауи сауда форматтарының үлесін 2027 жылға қарай 70% - ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін Бизнестің 2023 жылға арналған Жол картасында бірінші кезеңде - несиелер бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау қажет.

Екінші кезеңде, 2024 жылдан бастап қазіргі заманауи сауда форматтарының құрылысын қаржыландырудың жеке салалық бағдарламасы қарастырылады.

Сондай-ақ, өңірлік деңгейде натурдық гранттардың берілу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Осы жылдың соңына дейін сауда саласында мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігін енгізуді көздейтін Мемлекет басшының тапсырмаларын іске асыру аясында заң қабылданатын болады.

-

Слайд 4

«Қазақстанда жасалған» брендімен тауарларды ерікті сертификаттаудың жүйесін құру және техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделі әзірленді.

Саудадағы техникалық кедергілер бойынша ахуалдық штаб құрылды;

Импорттық өнім демпингісінен қорғау мен өз өндірісімізді ұлғайту үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төменгі көтерме бағаларды енгізу жөніндегі заңнамаға түзету енгізіледі.

 

Назарларыңызға рахмет!

Баяндама аяқталды

Жарияланған күні

14 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

14 желтоқсан 2022

Жарияланымның авторы