2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама
Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2024 жылғы
20 тамыздағы № 99 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:
- ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
- құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
- азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.
2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 368 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 236 лицензия берілді, 111 тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан өтінімнің таусылуы не асып кетуі себебінен негізделген бас тарту берілді, сондай-ақ 21 лицензияның қолдануын тоқтату туралы өтініш берілді, оның ішінде:
- Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 443-НҚ және 2025 жылғы
14 наурыздағы № 101-НҚ бұйрықтарына сәйкес:
- ірі қара малдың еті – 11 340 тонна, оның ішінде 430,604 тонна
(3,8 %), 12 лицензия берілді, қалғаны - 10 909, 396 тонна; - құс (аяқтар) – 115 200 тонна, оның ішінде – 31 097,489 тонна
(27 %), 112 лицензия берілді, қалғаны – 84 102, 511 тонна; - азық-түлік қосалқы өнімдері – 10 800 тонна, оның ішінде –
10 166,475 тонна (94, 1 %), 86 лицензия берілді, қалғаны – 633, 525 тонна.
- Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін
1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:
– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 420 тонна,
11 лицензия берілді;
– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна,
8 лицензия берілді;
– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде 1 200 тонна,
7 лицензия берілді.
Орындаушы: Сауда комитеті
73