Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төраға орынбасары (бұдан әрі – Комитет) Кабдушев Даулен Данатұлына жүктелсін.
  2. Д. Д. Кабдушев өз құзыреті шегінде әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтерді (тегі, аты-жөні, фотосуреті, телефон және кабинет нөмірлерін) Комитеттің интернет-ресурсында және ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды жүзеге асырсын.
  3. «Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағаның 2024 жылғы 1 ақпандағы № 4-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыруға жатады.

 

 

Төраға                                                                                 Е. Жәутікбаев

 

 

Жарияланған күні

08 қаңтар 2026 14:20

Жаңарту күні

08 қаңтар 2026

Түрі