Тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты 2026 жылға арналған тарифтік квоталар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін осы тауарларға қатысты тарифтік квоталар көлемдерін белгілеу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы
№ 89 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тарихи өнiм берушiлер арасында 2026 жылға (1-кезең) тарифтік квоталар көлемі бөлінсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице – министрі А. Бижанова
194