«Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 23 қазандағы № 405-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 56-НҚ от 08.09.2025
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ |
КОМИТЕТ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ МИНИСТЕРСТВА ТОРГОВЛИ И ИНТЕГРАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
____________________________ №_______________________
Астана қаласы город Астана
«Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптік
біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы»
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының
2023 жылғы 23 қазандағы № 405-НҚ бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1 және 3-тармақтарына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 23 қазандағы № 405-НҚ бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Төраға міндетін атқарушы А. Касымова
127
10 қыркүйек 2025 15:11
10 қыркүйек 2025