Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

келісімге қол қою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Қазақстан Республикасының

             Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

Жарияланған күні

08 тамыз 2022 10:04

Жаңарту күні

08 тамыз 2022

Жарияланды