Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы
ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫСАУДА ЖƏНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ
|
МИНИСТЕРСТВОТОРГОВЛИ И ИНТЕГРАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
____________________________ № _________________________
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
жұмыс регламентін бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіментінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгi туралы ереженің 19-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жұмыс регламенті бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 502-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жұмыс регламентінің талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
97
01 тамыз 2022 11:36
01 тамыз 2022