Сәйкестік туралы декларация нысанын бекіту, рәсімдеу және тіркеу тәртібі туралы
Сәйкестік туралы декларация нысанын бекіту, рәсімдеу және тіркеу тәртібі туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғдың 9 қарашадағы Заңының 31-бабы 3-тармағының екінші бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларация нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияны рәсімдеу және тіркеу тәртібі.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
31