Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
64-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 9-тармағына және
2022 жылғы 18 қаңтардағы № 2-ПР Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында осы бұйрыққа қосымшадағы заңды тұлғалар бірлестіктері аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәлік берілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Бірінші вице-министр Е. Баттаков