«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 169 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі
туралы ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
18 наурыздағы № 169 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 169 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Алматы,
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін. - Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі мен жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
|
2020 жылғы «22» наурыз 62-НҚ Қазақстан Республикасы _________________Б. Сұлтанов |
2020 жылғы «22» наурыз 184-НҚ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________________Е. Біртанов |
38