"Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығы
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы «__» _____
№_______ бұйрығына
1-қосымша
Техникалық регламенттерді әзілеу жөніндегі жоспар
|
№ |
Техникалық регламент атауы* |
Мемлекеттік әзірлеуші орган |
Бекіту мерзімі** |
|
1. |
Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар |
ИИДМ
|
2022 жылғы шілде |
|
2. |
Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ИИДМ
|
2021 жылғы желтоқсан
|
|
3. |
Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ |
2022 жылғы желтоқсан |
|
4. |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы |
АШМ |
2022 жылғы маусым |
|
5. |
Құрамында никотин бар өнімге қойылатын талаптар |
ДСМ |
2022 жылғы сәуір |
Ескертпе:
* Техникалық регламенттердің атауы оларды әзірлеу процесінде өзгеруі мүмкін;
** Техникалық регламенттерді бекіту мерзімі оларды әзірлеу процесінде өзгертілуі мүмкін.
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі.
68
19 қазан 2021 11:25
19 қазан 2021