Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

 

"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
    Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі                         

Бұйрығымен бекітілген

 

 

Жарияланған күні

19 тамыз 2021 11:06

Жаңарту күні

19 тамыз 2021

Түрі