"Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығы
Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Министр |
|
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
33
02 шілде 2021 00:00
02 шілде 2021