"Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368 бұйрығы
Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
- Мыналардың:
1) «Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18011 болып тіркелген);
2) «Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 920 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18062 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2021 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Министр |
|
Б. Сұлтанов |
|
|
|
|
12
02 шілде 2021 00:00
02 шілде 2021