"Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 382-НҚ бұйрығы
"Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 382-НҚ бұйрығы
Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Министр |
|
Б. Сұлтанов |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 004-КГ/17327 хатымен КЕЛІСІЛДІ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 03-19/6602 хатымен КЕЛІСІЛДІ |
486
Жарияланған күні
01 маусым 2021 00:00
Жаңарту күні
01 маусым 2021
Түрі
Жарияланды
Бағыттар