«Сауда қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Сауда қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                    50-бабының 2-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Сауда қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                Б. Сұлтанов

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

20 мамыр 2021 00:00

Жаңарту күні

20 мамыр 2021

Түрі
Жарияланды
Бағыттар