"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру", сондай-ақ "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-3) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №279 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы
" " №
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы
" " №
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара іс-қимылы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен (бұдан әрі - Еуразиялық экономикалық Комиссия) өзара іс-қимылы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) Еуразиялық экономикалық Комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
- Мемлекеттік органдардың Комиссиямен өзара іс-қимылы ЕАЭО туралы шартқа, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы
23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Комиссияның жұмыс регламентіне (бұдан әрі – Комиссия Регламенті), «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. - Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына сараптама жүргізу тәртібін регламенттемейді.
- Комиссиямен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ҰКП өз құзыреті шегінде өз қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) құзырет салаларына сәйкес ЕАЭО органдарының отырыстарына ресми ұстанымдарды дайындау нысандарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) органдары отырыстарының күн тәртібінің тармақтары бойынша ұстанымдарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) енгізу;
2) Уәкілетті органға жіберер алдында ЕАЭО органдары шешімінің (өкімінің, ұсынымының) жобасы бойынша Сыртқы істер, қаржы, Әділет министрліктерімен ұстанымдарды келісу;
3) Комиссия жанындағы консультативтік органдардың, жұмыс (сараптамалық) топтарының құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдерді айқындау;
4) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес күшіне енбеген Комиссия шешiмдерiнiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
5) уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша мүше мемлекеттер мен Комиссияның қатысуымен халықаралық іс-шаралар дайындау;
6) Комиссия шешімдерінің жобаларына қаржы-экономикалық негіздеу және құқықтық салдарларын талдау жүргізу;
7) Комиссияның құзыретіне жататын өзге де мәселелер:
Комиссия шешімдерінің жобаларын мемлекетішілік келісуді қоса алғанда, осы шешімдердің жобалары бойынша қазақстандық тараптың ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау;
Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік және ведомствоаралық үйлестіру және консультативтік - кеңесші органдарының (бұдан әрі – консультативтік кеңесші органдар) отырыстарында Комиссия шешімдерінің жобаларын қарау;
8) осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілгеннен кейін, Комиссияның сұрау салулары бойынша ақпараттарды, статистикалық деректер мен өзге де материалдарды дипломатиялық арналар арқылы ұсыну;
9) Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу;
10) консультациялар өткізу және Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия департаменттерінің немесе Комиссия мүшелерінің басшылығымен өтетін кеңестерге және отырыстарға қатысу;
11) осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген тәртіппен Комиссия қабылдаған шешімдерді мониторингілеу және талдау;
12) Комиссия отырыстарының материалдарына берілген мемлекеттік органның ресми ұстанымын уәкілетті органға жіберу;
13) ЕАЭО туралы шарт және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберіндегі өзге де өзара іс-қимыл нысандары.
- Мемлекеттік орган және ҰКП осы Қағидаларда көрсетілген материалдарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган ресми ұстанымды уақтылы қалыптастыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ЕАЭО органдары шешімдерінің (өкімдерінің, ұсынымдарының) жобалары бойынша ресми ұстанымды дербес дайындайды. ЕАЭО органдарының шешімін (өкімін, ұсынымдарын) іске асыру және оның Қазақстан Республикасы үшін салдары үшін жауапкершілік осы жағдайда мемлекеттік органға және ҰКП-ға жүктеледі.
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Комиссия шешімдерінің жобалары ЕАЭО туралы шартқа сәйкес реттеушілік ықпал етуді бағалау шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – ҰКП) келісуге жатады.
- ЕАЭО органдарының отырыстары барысында қабылданатын шешімдердің (өкімдердің) әр парағына бұрыштама қою уәкілетті органға және Әділет, Сыртқы істер, Қаржы министрліктеріне жүктеледі.
- Уәкілетті орган тоқсан сайын Үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік органдардың осы қаулының ережелерін сақтауы туралы баяндайды.
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Комиссия Алқасының отырысынан кейін апта сайын 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес Елшілік өкілдері қатысатын осы отырыстардың қорытындылары туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
- Уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен ҰКП-ның Комиссиямен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіруді, оның ішінде:
1) мүдделі мемлекеттік органдарға Комиссияның отырыстарына берілген материалдарды жіберу;
2) қазақстандық тараптың мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Комиссия отырыстары шеңберінде қарауды талап ететін мәселелер бойынша ұстанымны қалыптастыру;
3) мемлекеттік органдардың Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстарын келісу;
4) Комиссия жанындағы консультативтік органдар мен жұмыс (сараптамалық) топтарының құрамына енгізу үшін Комиссияға уәкілетті өкілдер туралы ұсыныстар жіберу;
5) Комиссия отырыстарының материалдарына берілген қазақстандық тараптың ұсыныстары мен ескертулерін жіберу;
6) мемлекеттік органдардың ресми ұсыныстарын және (немесе) сұрау салуларын, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуларына берген жауаптарын Комиссияға жіберу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау жолымен жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік органдар мен ҰКП арасында Комиссиямен ақпарат алмасу
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен Алқа төрағасының немесе Комиссия Алқасы мүшесінің қолы қойылған Комиссияның сұрау салуларын (бұдан әрі – Комиссияның сұрау салулары) ЕАЭО туралы шартқа № 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оларды басқару салаларына сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ҰКП-ға келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Комиссияның сұрау салуына жауап қажетті құжаттармен (Комиссияның сұрау салуы, мүдделі мемлекеттік органдардың ресми жауаптары) қоса, түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі.
Мемлекеттік органның Комиссияға жіберілетін ресми ұсынысы және (немесе) сұрау салулары уәкілетті органға жіберіледі.
Уәкілетті орган Комиссияға жіберілетін мемлекеттік органның ресми ұсынысын және (немесе) сұрау салуларын, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуларына берілген жауаптарды өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) құқығын құрайтын актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және келіскен жағдайда мемлекеттік органы хатының түпнұсқасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ) жібереді, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауап әзірлеген мемлекеттік органға хабар береді.
Мемлекеттік орган хаттың түпнұсқасын құжаттың электрондық нұсқасы жіберілген күні уәкілетті органға жібереді.
Комиссияның сұрау салуына мемлекеттік органның ұсынысын, жауабын, сондай-ақ мемлекеттік органның сұрау салуын уәкілетті органның келісімінсіз Комиссияға жіберуге жол берілмейді.
Жіберілетін ұсыныс және (немесе) мемлекеттік органның сұрау салуы, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауап ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік орган хатының түпнұсқасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, пысықтау үшін мемлекеттік органға тиісті ескертулерді жіберуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік орган уәкілетті органнан келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықтау қорытындылары бойынша уәкілетті орган берген ескертулермен келіскен жағдайда, мемлекеттік орган ресми ұсынысты және (немесе) сұрау салуды, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына берілген жауапты уәкілетті органға қайталап енгізеді.
Мемлекеттік орган уәкілетті орган берген ескертулермен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган бұл мәселені осы Қағидалардың 34-тармағында белгіленген тәртіппен қарауды қамтамасыз етеді.
8 ҚР СІМ уәкілетті органнан тиісті ресми ұсынысты және (немесе) сұрау салуды Комиссия мекенжайына қайта жіберу туралы ұсынысы бар ілеспе хаттың түпнұсқасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның Комиссияға дипломатиялық арналар бойынша жіберілуін қамтамасыз етеді.
- Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган мен ҰКП Комиссияның сұрау салуын алған кезде, бұл ақпаратта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға немесе өзге де қорғалатын құпияға жатқызылған мәліметтер болмаған жағдайда, сұрау салынған ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді.
Егер мемлекеттік органнан алынған тиісті сұрау салуда қамтылған, Комиссияның сұрау салуы бойынша Сұрау салынатын ақпарат таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жататын болса, мұндай ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "ҚБПҮ" деген белгімен жібереді.
Одан әрі қарау үшін келісілген қазақстандық ұстанымды әзірлеу кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Комиссияның сұрау салуына сай келетін мемлекеттік орган мен ҰКП Қазақстан тарапының ұстанымын белгіленген мерзімде жіберудің мүмкін еместігі туралы Комиссияға ресми хабарлауды жүзеге асырады, сондай-ақ Комиссияны ұстанымды дайындау мерзімі туралы хабардар етеді, ол Комиссияның сұрау салуын алған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Комиссияға Қазақстан тарапының ұстанымын белгіленген мерзімде жіберудің мүмкін еместігі туралы ресми хабарлау уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік органнан тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны кейіннен осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Комиссияға қайта жіберу үшін СІМ-ге жібереді.
- Мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде ұсынылатын ақпараттың көлемі мен мазмұнын айқындайды.
- Мемлекеттік органның ресми ұсынысы және (немесе) сұрау салуы, сондай-ақ Комиссияның сұрау салуына жауап Комиссияға ЕАЭО органдарының жұмыс тілінде жіберіледі.
- Консультациялар өткізу және Комиссия департаменттерінің кеңестері мен отырыстарына қатысу алдында немесе Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия Алқасы мүшелерінің басшылығымен, оның ішінде бейнеконференция форматында, жауапты мемлекеттік орган қаралатын мәселелер бойынша ұстанымды тұжырымдау үшін материалдарды жібереді және уәкілетті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ҰКП өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырады.
Қаралатын мәселелер бойынша уәкілетті және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен алдын ала тұжырымдалған ұстаным болмаған жағдайда, консультациялар, кеңес немесе Комиссия отырысы барысында мемлекеттік орган ұстаным білдіруден тартынады.
3-тарау. Уәкілетті органның мүдделі мемлекеттік органдармен және ҰКП-мен өзара іс-қимылы
- Мемлекеттік органдар мен ҰКП уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейде жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды, сондай-ақ уәкілетті органға ЕАЭО-ның жұмыс істеуі мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органның ресми электрондық мекенжайы мен басқа да байланыс ақпаратын ұсынады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен Комиссия Алқасы отырыстарының күн тәртібін және оған қоса берілетін материалдарды, сондай-ақ консультативтік комитеттердің, жұмыс (сараптама) топтары отырыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оларды жүргізу салаларына сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ҰКП-ға олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
- Мемлекеттік орган мен ҰКП өз құзыреті шегінде Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібін, оған қоса берілетін материалдарды ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ресми ұстанымын уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік органның және ҰКП-ның ресми ұстанымы мемлекеттік органның және ҰКП-ның мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген ескертулерін (ұсыныстарын), Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларына қаржылық-экономикалық негіздемені және құқықтық салдарды талдауды қамтиды. Қаржы-экономикалық негіздемені және құқықтық салдарларды талдауды қызмет саласына Комиссия алқасы шешімінің жобасы жататын мемлекеттік орган жүргізеді.
Мемлекеттік органда немесе ҰКП-да Комиссия алқасы отырысының күн тәртібінің мәселелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар және оған қоса берілетін құзыреті бойынша оған жатпайтын материалдар болған кезде, осы мемлекеттік орган мұндай ескертулер мен ұсыныстарды қаралатын мәселе құзыретіне кіретін мемлекеттік органға, сондай-ақ уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның және ҰКП ескертулері мен ұсыныстарын алған жауапты мемлекеттік орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік органға, сондай-ақ уәкілетті органға ресми ұстаным ұсынады.
Қажет болған жағдайда Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібі бойынша қорытынды ұстанымды қалыптастыру мақсатында уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың уәкілетті лауазымды адамдарының қатысуымен кеңес өткізе алады және оны кейіннен осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Комиссияға қайта жіберу үшін СІМ-ге жібере алады.
Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібі бойынша ұстанымды дайындау жөніндегі кеңесте мүдделі мемлекеттік органдардың уәкілетті лауазымды адамдары болмаған жағдайда, уәкілетті орган түпкілікті шешімді дербес қабылдайды, бұл ретте мұндай жағдайда жауапкершілік осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жүктеледі
- Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларына қаржы-экономикалық негіздеме мен салдарларын талдауға мемлекеттік органның жауапты лауазымды тұлғалары қол қояды.
Қаржы-экономикалық негіздеме жүргізілген қаржы, экономикалық және (немесе) статистикалық талдауға негізделеді.
Қаржы-экономикалық негіздеме мынадай ақпаратты:
1) Қазақстан Республикасының бюджетіне, оның ішінде бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне ықпалын бағалауды;
2) Комиссия Алқасы шешімін іске асыруға байланысты қаржыландыру көздері туралы мәліметтерді;
3) Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде экономиканың жекелеген салалары, кәсіпкерлік субъектілері, заңды және жеке тұлғалар үшін ұсынылып отырған Комиссия Алқасы шешімдерінен болатын әсерді қамтиды.
Қаржы-экономикалық негіздеме қорытындыларды, оның ішінде:
1) заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен өзге де жеке тұлғалардың шығыстары мен кірістерінің мерзімдері мен көлемдері туралы;
2) ұсынылып отырған Комиссия Алқасы шешімін орындау үшін бюджет қаражатын пайдаланудың орындылығы туралы қортындыларды қамтиды.
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының жекелеген санаттарын есептеуді жүзеге асыру үшін толық деректер болмаған жағдайда, қаржы-экономикалық негіздемеде көзделіп отырған өзгерістердің салыстырмалы бағаларын келтіруге, Комиссия Алқасы шешімінің жобасын іске асыруға бағытталған оқиғалардың ықтималдығы мен мерзімдерін айқындауға жол беріледі.
- Комиссия Алқасы шешімінің жобасына мемлекеттік органның салалық құрылымдық бөлімшелері жүргізетін құқықтық салдарларды талдауы оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкестігін белгілейді.
Құқықтық салдарларды талдау жүргізудің нәтижелері бойынша уәжделген қорытынды жасалады, онда:
1) құқықтық реттеу мәні;
2) Комиссия Алқасы шешімінің сәйкестігі қарастырылып отырған актілер тізбесі;
3) Комиссия Алқасы шешімінің жобасы мазмұнының Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкестігі;
4) Комиссия Алқасының шешімі жобасының ЕАЭО қағидаттарына сәйкестігі көрсетіледі.
Қорытындыда қазіргі бар ескертулердің мәнін және оларға қатысы бар нормаларды нақты көрсетілуі қажет.
- Ресми ұстанымды белгіленген мерзімде жіберуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде Мемлекеттік орган белгіленген мерзім өткенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жіберуді кейінге қалдыру туралы не Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібінің тиісті мәселесін қарауды уақтылы қарауға кедергі келтіретін себептерді көрсете отырып, оны кейінге қалдыру қажеттігі туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
- Уәкілетті орган Комиссия Алқасының отырысы күнінен 6 (алты) күннен кеш түскен мемлекеттік органның Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібі бойынша ресми ұстанымын ескермеуге құқылы.
- Мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде Комиссия Алқасы жанындағы консультативтік органдардың, жұмыс (сараптамалық) топтары отырыстарының материалдарын қарайды және түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, ресми ұстанымды осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес кейін СІМ арқылы одан әрі Комиссияға жіберу үшін уәкілетті органға жолдайды.
Мемлекеттік органның ресми ұстанымы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, Комиссия Алқасы жанындағы консультативтік органдар, жұмыс (сарапшылар) топтары отырыстарының материалдарына ескертулерді (ұсыныстарды) қамтиды.
- Уәкілетті орган мемлекеттік органның ұстанымын халықаралық шарттар мен ЕАЭО құқығын құрайтын актілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және ұсынылған мемлекеттік органның ұстанымы алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органнан қосымша пысықталған ұстанымын сұратуға құқылы.
- Уәкілетті органның атына жолданған, мемлекеттік органның жауапты лауазымды тұлғасы қол қойған Комиссия Алқасы, консультативтік органдар, Комиссия жанындағы жұмыс (сараптамалық) топтары отырыстарының материалдарына ескертулер мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органның ресми ұстанымы болып табылады.
Уәкілетті орган тұрақты негізде жұмыс тәртібінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне электрондық пошта арқылы мемлекеттік органдардың ескертулерімен (ұсыныстарымен) қоса, Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша қорытынды ұстаным туралы хабарлайды.
- Қазақстан Республикасының экономика салалары бөлінісінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қабылданған Комиссия шешімдерінің әсері мен ықпалын бағалау мақсатында осы Комиссия актілерін іске асырудағы ықтимал тәуекелдері мен перспективаларын көрсете отырып, мүдделі мемлекеттік органдар құзыреті шегінде тұрақты негізде қабылданған Комиссия актілеріне мониторинг және талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
- Комиссияның шешімдерін талдау және мониторингілеудің нәтижелерін экономика салаларының бөлінісінде мемлекеттік органдар жартыжылдық негізде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға жолдайды.
Мемлекеттік органдар Комиссия шешімдерін талдауы мен мониторингілеуінің нәтижелерінде:
1) осы актілердің орындалу барысы (Комиссияның осы актілерін іске асырудағы ықтимал тәуекелдер мен перспективаларды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының экономика салалары бөлінісіндегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге әсері);
2) ұлттық заңнаманы сәйкестікке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
3) қажет болған жағдайда Комиссияның осы шешімдерін және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
- Егер талдау және мониторингілеу барысында Комиссияның қабылданған шешімінің экономиканың жекелеген салалары бөлінісінде экономикалық ахуалға теріс ықпал ететіні немесе перспективада ықпал етуі мүмкін екені анықталған жағдайда, мүдделі мемлекеттік орган осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен осындай актіні жою немесе өзгерту туралы ұсыныс дайындайды.
- Комиссия Алқасы отырысының қорытындысы түскен кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың осындай қорытындыларды қарау, ұстанымдарды енгізу, сондай-ақ Комиссия Алқасына жауап жобасын дайындау мерзімдерін айқындайды.
4-тарау. Комиссия Алқасының шешімдерін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстарды дайындау және енгізу
- Қажет болған кезде мемлекеттік орган ЕАЭО туралы шартқа №1-қосымшаның 30-тармағына сәйкес мұндай шешімді жою немесе өзгерту туралы осы шешімді іске асыру нәтижесінде ықтимал залалдың дәрежесін бағалауды қоса алғанда, осындай ұстанымның негіздемесін, сондай-ақ өзгерістер жобасын не Комиссия Алқасының қабылданған шешімін жою туралы шешім жобасын қамтитын ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) дайындай отырып, Комиссия Алқасының күшіне енбеген шешімін жою немесе өзгерту туралы шешім қабылдай алады.
- Ұсынысты оны дайындаған мемлекеттік орган Комиссия Алқасының тиісті шешімі жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал таратылуы шектеулі құжаттарға жататын, Алқа қабылдаған Комиссия шешіміне қатысты оны қабылдаған күннен бастап, бірақ күшіне енген күніне дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және қажет болған жағдайда басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға қарау үшін жолдайды.
- Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар ұсынысты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы ұсынысты дайындаған мемлекеттік органға өз ұстанымын жолдайды.
- Егер осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні өткен соң ұсыныс дайындаған мемлекеттік органға уәкілетті органның, СІМ және Әділет министрлігінің немесе өзге мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымы түспеген жағдайда, бұл ұсыныс келісілген болып саналады.
- Ұсыныс барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда осы ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы мәселе бойынша материалдар жиынтығын (Комиссия шешімінің жобасын, негіздемелері бар анықтамалық материалдарды), сондай-ақ Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Өкілінің Комиссия Алқасына тиісті өтінішінің жобасын уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган, осы Қағидалардың тармағында көрсетілген тиісті материал жиынтығын алғаннан бері, Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкіліне Комиссия Алқасының шешімін жою немесе өзгерту рәсімін бастау туралы шешімі бойынша ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия Алқасы шешімінің күшіне ену мерзімі ЕАЭО туралы шартқа №1-қосымшаның 16-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзімнен аз болса, осы Қағидалардың 27, 28, 29, 30 және 31-тармақтарында көзделген барлық іс-әрекеттер барынша қысқа мерзімде орындалады.
Комиссия Алқасының шешімдерін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар бойынша келісетін мемлекеттік органда наразылықтар болған жағдайда қатынастар осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес реттеледі.
- Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкілі Комиссия Алқасының шешімін жою немесе өзгерту рәсімін бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ол Комиссия Алқасына тиісті ұсынысты ЕАЭС туралы шартқа № 1 Қосымшаға сәйкес енгізеді.
5-тарау. Комиссия Алқасының хабарламаларын қарау
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне түскен халықаралық шарттарды және (немесе) Комиссия шешімдерін орындау кезінде бұзушылықтарды жою туралы Комиссия Алқасының хабарламасын (бұдан әрі - Хабарлама) Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оларды жүргізу салаларына сәйкес түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
- Хабарламаны қараудың нәтижелерін мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жауаптың жобасымен қоса, уәкілетті орган Комиссия Кеңесіне жібереді.
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Комиссияға хабарламаны қараудың нәтижелерін жібереді.
6-тарау. Комиссия отырыстарында қарау үшін қазақстандық тараптың ұсыныстарын дайындау
- Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өз бастамасы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Өкілінің тапсырмаларына сәйкес Комиссия отырысында қарау үшін Комиссия Регламентіне сәйкес ұсыныс дайындауды жүзеге асырады.
- Ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган Комиссияның жұмыс Регламентіне сәйкес ресми ұстанымы мен материалдарды жолдау жолымен оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз етеді.
Ұсынысты келісу мерзімі мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныс келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.
Уәкілетті орган, СІМ, Әділет министрлігі міндетті келісуші мемлекеттік органдар болып табылады.
Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ҰКП келісілген жағдайда ұсынысты дайындаған мемлекеттік орган одан әрі оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысына шығару үшін уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органға енгізілетін ұсыныс пен материалдар дайындаған мемлекеттік органның жауапты лауазымды тұлғасы мен ЕАЭО-ның жұмыс істеу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүргізетін келісуші мемлекеттік органның тұлғасы әрбір парағына қол қояды.
- Қарсылықтар болған кезде ұсынысқа және материалдарға келісуші мемлекеттік органның бланкісінде ресімделетін ескертулермен бұрыштама қойылады, оған оның жауапты лауазымды адамы қол қояды және келісілетін ұсыныстарға (олардың көшірмелеріне) қоса беріледі.
Ұсыныстар бойынша келіспеушіліктер болған кезде ұсынысты дайындаған мемлекеттік органның жауапты лауазымды адамы не оны алмастыратын адам заңнамада белгіленген тәртіппен хаттамамен ресімделетін өзара қолайлы шешім іздеу мақсатында оны келісуші мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларымен талқылауды қамтамасыз етеді.
Талқылау қорытындылары бойынша бар келіспеушіліктер бойынша өзара қолайлы шешім әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеушілік бар ұсынысты келісу кеңесінің хаттамасымен бірге Үйлестіру кеңесінің отырысына одан әрі шығару үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік органның әзірленген ұсынысын Үйлестіру кеңесінің отырысына қарауға шығарады.
- Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген және үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданған ұсынысты осы ұсынысты дайындаған Мемлекеттік орган кейіннен осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес СІМ арқылы Комиссияға қайта жіберу үшін уәкілетті органға жібереді.
- Уәкілетті орган ұсынысты дайындаған мемлекеттік органды және Қазақстан Республикасының Комиссия Кеңесіндегі өкілін оны Комиссияда қарау қорытындылары туралы хабардар етеді
7-тарау. Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің
қызметін қамтамасыз ету
- Комиссия Кеңесінің отырысы күн тәртібінің жобасы және оған қоса берілетін, Комиссия Регламентінің 16-тармағына сәйкес Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкіліне келісуге түскен материалдарды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізу салаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ҰКП қарау және ұсыныстар дайындау үшін жібереді.
- Мемлекеттік орган Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібінің жобасы және оған қоса берілген материалдар түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде халықаралық шарттарға және ЕАЭО құқығын құрайтын актілерге, Қазақстан Републикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және тиісті мәселе бойынша қазақстандық тараптың жалпы ұстанымын қалыптастыру үшін мемлекеттік органның ресми ұстанымын әзірлеуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда Үйлестіру кеңесінің отырысында қарауды жүзеге асырады.
- Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкіліне келіп түскен Комиссия Кеңесі отырысының бекітілген күн тәртібі мен оған қоса берілетін материалдар Комиссия Регламентінің 21-тармағына сәйкес қазақстандық тараптың ұстанымын қалыптастыру үшін қарауға, ұсыныстар дайындауға және оны келісуге осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес тәртіппен жіберіледі.
Мемлекеттік орган қазақстандық тараптың жалпы ұстанымын қалыптастыру үшін осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органға Комиссия Кеңесінің отырысы өтетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми ұстанымды дайындауды, келісуді, сондай-ақ жіберуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілген мерзімді Үйлестіру кеңесі отырысында қараудың қорытындысы бойынша Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкілі қысқартуы мүмкін.
- Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ресми ұстанымдарын жинақтайды және Комиссия Кеңесі отырысының материалдары бойынша Қазақстан тарапының қорытынды ұстанымын қалыптастыру үшін Комиссия Кенесіндегі Қазақстан Республикасының Өкілі төрағалық ететін үйлестіру кеңесі отырыстарында қаралуын қамтамасыз етеді.
- Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Өкілінің ЕАЭО туралы шартқа № 1-қосымшаның 26-тармағына сәйкес мәселені, оның ішінде қажетті материалдарды Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібіне қосу туралы ұсынысын дайындау осы Қағидалардың 32, 33, 34 және 35-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік орган басшысының орынбасары деңгейінен төмен емес өз өкілдерінің Комиссия Кеңесінің отырысына қатысуларын қамтамасыз етеді.
Комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Өкілімен келісу бойынша басқа лауазымды тұлғалар анықталуы мүмкін.
8-тарау. Қазақстан Републикасы мемлекеттік органдары өкілдерінің Комиссия Алқасы мен Кеңесінің отырыстарына қатысу
- Мемлекеттік орган Комиссия Алқасының отырысы өтетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қазақстан тарапының өкілі ретінде Комиссия Алқасының отырысына қатысу үшін мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өз өкілінің кандидатурасы туралы ұсынысты жібереді.
- Уәкілетті орган Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібін ескере отырып, Қазақстан тарапы өкілінің Комиссия Алқасының отырысына қатысатыны туралы Комиссияны хабардар етеді.
- Мүдделі мемлекеттік органдар Комиссия Кеңесінің отырысы өтетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қазақстан тарапының өкілі ретінде Комиссия Кеңесінің отырысына қатысу үшін мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өз өкілінің кандидатурасы туралы ұсыныс жібереді.
- Уәкілетті орган белгіленген мерзімде Комиссияға Қазақстандық делегецияның құрамы туралы ақпарат жібереді.
9-тарау. Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органдардың құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдерді айқындау
- Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне келіп түскен уәкілетті өкілдердің кандидатураларын ұсыну туралы Комиссия Алқасының өтініштерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оларды жүргізу салаларына сәйкес мемлекеттік органдарға, сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.
Комиссия Алқасының жанындағы консультациялық органның құзыретіне кіретін мәселелер жүргізу саласы бойынша мемлекеттік органдар көрсетілген өтініштерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Комиссия Алқасының жанындағы консультациялық органның құрамына уәкілетті өкілдерді енгізу туралы ұсыныстар жібереді.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органында құрылымдық бөлімшенің басшысынан немесе оның орынбасарынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар консультативтік органдағы уәкілетті өкілдер бола алады.
Мемлекеттік орган Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органның құрамына бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті біліктілігі бар өзге де тәуелсіз сарапшыларды енгізу туралы ұсынысты да жолдай алады.
- Консультативтік органның құрамына Қазақстан Республикасының өкілдерін енгізу туралы берілген ұсыныстардың негізінде уәкілетті орган соңғы ұсынысты уәкілетті органға берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде консультативтік органдағы мүдделі мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің құрамын қалыптастырып, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Комиссияға одан әрі жіберу үшін СІМ-ге жолдайды.
10-тарау. Мемлекеттік органдардың өнеркәсіп субсидиялары туралы хабарламалар нысандары бойынша және ерекше субсидиялар ұсыну шарттарын бұзу фактілері бойынша Комиссияны хабардар ету мақсатындағы өзара іс-қимылы
- ЕАЭО туралы шартқа № 28-қосымшаның Өнеркәсіп субсидияларын ұсынудың бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың IX бөліміне сәйкес уәкілетті орган ЕАЭО мүше мемлекеттерге (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) және Комиссияға:
1) 1 жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей, республикалық және жергілікті деңгейде кезекті жылы ұсынуға жоспарланған барлық субсидиялар туралы;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей, есепті тоқсанда республикалық және жергілікті деңгейлерде ұсынылған субсидиялар туралы;
3) жыл сайын, есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, есепті жылы республикалық және жергілікті деңгейлерде ұсынылған субсидиялар туралы хабарлайды.
- Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өнеркәсіпке мемлекеттік қолдау көрсететін немесе көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау туралы ақпарат береді:
1) республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы ұсынуға жоспарланған барлық субсидиялар туралы хабарламаны жыл сайын 1 қазаннан кешіктірмей;
2) есепті тоқсанда республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы хабарламаны тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей;
3) есепті жылы республикалық және жергілікті деңгейлерде берілген субсидиялар туралы хабарламаны жыл сайын, есепті жылда кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы ұсынуға жоспарланған ақшалай қаражат көлемі туралы сұрау салу жолдайды.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі уәкілетті органға республикалық және жергілікті деңгейлерде кезекті жылы ұсынуға жоспарланған ақшалай қаражат көлемі туралы ақпаратты осы Қағидалардың 54-тармағының 1-тармақшасында көзделген мерзiмдерде жолдайды.
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган дайындаған өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламалардың жобаларын келісуді қамтамасыз етеді.
- Уәкілетті орган Комиссия кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілігімен келісілген есепті және жоспарланатын кезеңдердегі өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламаларды мүше мемлекеттер мен Комиссияға осы Қағидалардың 53-тармағында, көрсетілген мерзімде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен жібереді.
11-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою кезіндегі өзара іс-қимылы
- Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді (техникалық регламенттерге өзгерістерді) әзірлеу бөлігінде ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына (бұдан әрі − ЕАЭО ТР) өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу және ЕАЭО ТР өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты дайындаған Мемлекеттік орган құжаттарды жіберу арқылы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, мүдделі мемлекеттік органдармен, ҰКП-мен, жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, өзге де мүдделі тұлғалармен және ұйымдармен оны келісуді қамтамасыз етеді.
Ұсыныстарды келісу мерзімі тиісті ұсыныс келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Оң қараудың (келісудің) қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган кейіннен Комиссияға қайта жіберу үшін ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейтін барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хат жібереді
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау кезінде Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдармен және ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды қарауды ұйымдастырады.
- Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган Техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістер жобасын) жария талқылаудың басталғаны туралы хабарламаны ЕАЭО ресми сайтында орналастырған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістер жобасын) және оған құжаттар жиынтығын мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ҰКП атына қарау үшін жіберуді жүзеге асырады.
Техникалық регламент жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға техникалық регламенттің жобасын (техникалық регламентке өзгерістер жобасын) жария талқылауды жүргізудің жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей ұсынылады.
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ұстанымды қалыптастырады және уәкілетті органның атына жібереді.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұстанымды уәкілетті органның атына дербес жібере алады.
- ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР өзгерістер жобасын) мемлекетішілік келісуді жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ҰКП ескертулері мен ұсыныстары (пікірлері) 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ЕАЭО ТР жобасына және ЕАЭО ТР өзгерістер жобасына мемлекетішілік келісулер қорытындылары бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпаратты дайындау үшін ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның атына жіберіледі.
- Ерекше жағдайларда, егер мемлекетішілік келісу нәтижелері бойынша шешім қосымша қарау жүргізу немесе қосымша ақпарат алу қажеттілігіне байланысты Комиссиядан ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР өзгерістер жобасын) алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде Комиссияға жіберілмейтін болса, Қазақстан Республикасында ЕАЭО ТР (ЕАЭО ТР өзгерістер) әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Комиссияға көрсетілген шешімді дайындау мерзімі туралы жазбаша нысанда хабарлайды, ол Комиссиядан ЕАЭО ТР жобасын (ЕАЭО ТР өзгерістер жобасын) алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауға тиіс.
- ЕАЭО ТР жобасын мемлекетішілік келісу сатысында (ЕАЭО ТР өзгерістер жобасы) ЕАЭО ТР әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган (ЕАЭО ТР өзгерістер) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін олардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізеді.
12-тарау. ЕАЭО-ның ішкі нарығында қарсы шектеу шараларын енгізу
- Жауап шаралары халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына, халықаралық шарттарға сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті шектерде енгізіледі.
- Жауап шараларын қолдану туралы ұсынысты уәкілетті органға мемлекеттік органдар және (немесе) ҰКП ұсынады.
- Мемлекеттік органның және (немесе) ҰКП-ның жауап шараларын қолдану туралы ұсынысы уәкілетті органның атына жазбаша өтініш түрінде ұсынылады, оған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауап шараларын қолдану туралы Мемлекеттік орган беретін мәліметтер тізбесі қоса беріледі.
- Осы Қағидаларға 16-қосымшада көзделген қандай да бір мәліметтер болмаған не дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, сондай-ақ қосымша нақтылайтын ақпарат алу қажет болған жағдайда, ұсынылған жауап шараларының орындылығын анықтау үшін уәкілетті орган мемлекеттік органның немесе ҰКП-ның атына жауап шараларын қолдану туралы ұсыныс уәкілетті органда тіркелген кезден бастап күнтізбелік 15 күн ішінде тиісті сұрау салу жібереді.
- Уәкілетті орган 72 және 73-тармақтарда көзделген мәліметтерді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, 30 күнтізбелік күн ішінде жауап шараларын қолданудың орындылығына талдау жүргізеді. Қажет болған кезде уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді.
- Мемлекеттік орган немесе ҰКП 72-тармаққа сәйкес уәкілетті орган сұратқан жетіспейтін не дұрыс мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ жауап шараларын қолданудың орындылығын талдаудың теріс нәтижелері жағдайында уәкілетті орган күнтізбелік 15 күн ішінде мемлекеттік органға немесе ҰКП-ға жауап шараларын қолдану туралы ұсынысты одан әрі қарау туралы негізделген бас тартуды жібереді.
- Ұсынылған жауап шараларын қолданудың орындылығын талдаудың оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік 15 күн ішінде жауап шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындайды және оны шешім қабылдау үшін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді.
- Жауап шараларын енгізу туралы шешім Үйлестіру кеңесінің отырысында қабылданады.
- Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша:
1) Жауап шараларын қолдану туралы оң шешім болған жағдайда, Мемлекеттік орган құзыретінің саласына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актінің қабылдануын қамтамасыз етеді.
2) жауап шараларын қолдану туралы теріс шешім қабылданған жағдайда, тиісті шешім Үйлестіру кеңесінің хаттамасында тіркеледі.
- Жауап шаралары енгізілгенге дейін уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен және (немесе) ҰКП-мен бірлесіп, қажет болған жағдайда ЕАЭО-ға тиісті мүше мемлекетпен келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдайды.
- Уәкілетті орган алдын ала, бірақ жауап шараларын енгізу туралы акт қабылданған күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ЕЭК-ті және мүше мемлекеттердің әрқайсысын тиісті жауап шарасын қабылдағаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
- Жауап шаралары уақытша сипатта болады және ЕАЭО туралы шарттың ережелерін және (немесе) халықаралық шарттар мен ЕАЭО құқығын құрайтын актілердің ережелерін бұзатын шара ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне және ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес келетіндей түрде жойылғанға немесе өзгертілгенге дейін немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өзгеше уағдаласпағанға дейін ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара
іс-қимыл қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау туралы ақпарат
|
Қолдау шарасы (субсидия) |
Кәсіпкерлерді қаржыландыру көлемі, теңге |
Кредиттеу/ |
Деректер ұсынылатын кезең |
ЭҚЖЖ коды (кемінде |
Соның негізінде қолдау көрсетілетін нормативтік құқықтық акт (бап, тармақ), |
Ескертпе:
* кестенің мәні мемлекет (республикалық бюджет, жергілікті атқарушы органдар бюджеті, Ұлттық қордың қаражаты және т.б.) қаражаты есебінен барлық бағыттар бойынша көрсетілетін қолдауды көрсету.
Ақпаратты қаржыландыру көлемі мен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемелері кодын (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) кемінде 2 (екі) таңбалық деңгейде көрсете отырып, әрбір алушы бөлінісінде әрбір қолдау шарасы бойынша ұсыну қажет. Егер әрбір алушы бөлінісінде ақпарат беру мүмкін болмаса, онда ЭҚЖЖ 2 (екі) таңбалық деңгейіндегі жиынтық деректерді ұсыну қажет.
**кредиттер/лизингтік қаржыландыру берілген жағдайда толтырылады.
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара
іс-қимыл қағидаларына
2-қосымша
Нысан
ЕАЭО ТР жобасына берілетін мемлекетішілік рәсімдердің қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпарат
|
№№ |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық Комиссиямен өзара
іс-қимыл қағидаларына
3-қосымша
Нысан
ЕАЭО ТР өзгерістер жобасына арналған мемлекетішілік келісу рәсімдердің қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру туралы ақпарат
|
№№ |
Қолданыстағы редакция |
ЕАЭО ТР өзгерістер жобасының редакциясы |
ЕАЭО ТР ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық
одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру,
сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық
Комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына 4-қосымша
Нысаны (Times New Roman 14 қаріпі)
ҰСТАНЫМ
№ СҰРАҚ ________________________________________________
(ЕЭК алқасы отырысының күн тәртібі мәселесінің нөмірі мен атауы және отырысты өткізу күні көрсетілед)
БАСТАМАШЫ: ________________________________________________
(қаралатын мәселенің бастамашысы көрсетіледі)
ҰСЫНЫЛАДЫ: ________________________________________________
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ: ________________________________________________
ЕЭК АЛҚАСЫ АКТІСІНІҢ ЖОБАСЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЛАРДЫ ТАЛДАУ:. ____________________________________________________________________
ҚР ҰСТАНЫМЫ:_____________________________________________________
(осы мәселе бойынша ұстаным көрсетіледі (шешім қабылдау (өкім, ұсыным), қазақстандық тараптың ескертулерін ескере отырып шешім қабылдау (өкім, ұсыным), қосымша пысықтауды талап ететін ретінде күн тәртібінен шешім (өкім, ұсыным) шығару, себептерін негіздей отырып шешім (өкім, ұсыным) қабылдамау)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық
одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру,
сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық
Комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына 5-қосымша
Нысаны (Times New Roman 14 қаріпі)
ҰСТАНЫМ
№ СҰРАҚ ________________________________________________
(ЕЭК Кеңесі отырысының күн тәртібі мәселесінің нөмірі мен атауы және отырысты өткізу күні көрсетіледі)
БАСТАМАШЫ: ________________________________________________
(қаралатын мәселенің бастамашысы көрсетіледі)
ЕЭК АЛҚАСЫНЫҢ ОСЫ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАУ НӘТИЖЕСІ:________________________________________________
ҰСЫНЫЛАДЫ: ________________________________________________
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ: ________________________________________________
ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ:. __________________________________
ҚР ҰСТАНЫМЫ:__________________________________________________
(осы мәселе бойынша ұстанымы көрсетіледі (шешімге (өкімге) қол қою, қазақстандық тараптың ескертулерін есепке алу кезінде талқылау қорытындылары бойынша шешімге (өкімге) қол қою, қосымша пысықтауды талап ететін ретінде күн тәртібінен шешімді (өкімді) алу, себептерін негіздей отырып шешімге (өкімге) қол қоймау)
МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕЗИСТЕР _____________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық
одаққа қатысу мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру,
сондай-ақ орталық атқарушы мемлекеттік органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық
Комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына 6-қосымша
Жауап шараларын қолдану туралы мемлекеттік орган немесе "Атамекен" ҰКП ұсынатын мәліметтер тізбесі
- ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергінің болуына әкеп соғатын проблемалық жағдайды сипаттайтын ақпарат.
- ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергіден болатын экономикалық залалды негіздейтін ақпарат.
- БЭЖ-ге мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының және/немесе сот инстанцияларында проблемалық жағдайды қарауы туралы ақпарат.
- Қолданылуына (қолданылмауына) байланысты кедергі туындаған ЕАЭО құқық нормаларына және БЭЖ-ге мүше мемлекет заңнамасының нормаларына нұсқаулар.
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер органдарының әрекеттерін (әрекетсіздігін) сипаттайтын кедергілерге қатысы бар құжаттардың көшірмелері.
7
29 сәуір 2021 00:00
29 сәуір 2021