Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы
№ 244-НҚ от 31.03.2021
Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министр |
|
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
12
15 сәуір 2021 00:00
15 сәуір 2021