Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы
"Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін;
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеде күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
________________________
«___» __________2021 жыл