"Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы
«Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетінотандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрыққа (2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12730 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
- Қазақстан Республикаы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция даму
вице-министріне жүктелсін. - 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инудстрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
9
24 ақпан 2021 00:00
24 ақпан 2021