"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 29-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
аккредиттеудің кейбір мәселелері
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінеаккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына және 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2-ПРҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында осы бұйрыққа қосымшадағы заңды тұлғалар бірлестіктері аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәлік берілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы «» қаңтардағы
№ бұйрығына қосымша
Заңды тұлғалар бірлестіктерінің
тізімі
- «Қазақстан полимерлерін қайта өңдеушілер Қауымдастығы»;
- «Қазақстанның органикалық өнімдерін өндірушілер одағы»;
- «Қазақстан ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы»;
- «Солтүстік Қазақстанның Қарапайым заттар экономикасы» Қауымдастығы»;
- «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы»;
- «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы»;
- «Қазақстан машина жасаушыларының одағы».
___________________________
12
21 қаңтар 2021 00:00
21 қаңтар 2021