Биржалық сауда

Биржалық сауда

Қазақстан Республикасында электрондық және биржалық сауданы дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, сыртқы сауда қызметін, электрондық және биржалық сауда арқылы халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу бойынша Министрліктің белгіленген жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар дайындау ЕАЭО шеңберінде электрондық және биржалық сауда саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, және (немесе) толықтырулар енгізу, коммерциялық немесе ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржалары мен биржалық сауда қызметі мәселелері бойынша ақпаратты жариялау, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қысқа жауап:
Тауар биржаларында саудалатын тауарлар — бұл биржалық тауарлар тізіміне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізіміне енгізілген тауарлар.

Толық жауап:
Тауар биржасы - бұл әр түрлi тауарлармен (мысалы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен, мұнаймен, металдармен және т.б.) сауда-саттық жүзеге асырылатын ұйымдасқан рынок. Тауар биржасында тауарларды, олардың туынды өнiмдерiн және келiсiм-шарттарды сатып алу-сату мәмiлелерi жасалады. Биржа сауда стандарттарын, мәмілелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нарыққа қатысушылар үшін тұғырнама ұсынады. Тауар биржалары нарықтық бағаларды белгілеуде, тәуекелдерді басқаруда (фьючерстік келісімшарттар арқылы) және тауар нарықтарында өтімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Мысалы,тауар биржасында бидай, қант, көмір және мұнай өнімдері сияқты әртүрлі өндірушілерде сипаттамалары бірдей стандартталған тауарлардың ірі партиялары сатылады. Сондай-ақ, биржа фермерлер мен басқа да кәсіпкерлер арнайы келісімшарттар арқылы өздерінің болашақ өніміне немесе шикізатына тиімді бағаны алдын ала белгілей алатын сенімді алаң ретінде қызмет етеді.

1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы            
                                       
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары

1) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z090000155_  

2) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010993