Техникалық реттеу және метрология

Техникалық реттеу және метрология

Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайты

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

Комитеттің миссиясына Қазақстан Республикасында өнімдердің, қызметтердің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және экономикасын өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау кіреді.


Комитет функцияларына аккредиттеу жөніндегі органды таңдау жөніндегі конкурстарды өткізу ережелерін және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды таңдау жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, жобалар мен техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және аккредиттеу мақсаттарына сәйкестігіне талдауды ұйымдастыру және сараптама жүргізу жатады., Техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі сараптамалық кеңестермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысу;


Бұдан басқа, комитет Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді, шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекітуді, метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жіктеуді белгілеуді, сондай-ақ өлшеу құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшеу құралдарын тексеру әдістемелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды айқындауды жүзеге асырады;

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Сұрақ: ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың іс-қимылы туралы өзекті ақпаратпен Мен қайдан таныса аламын?

Жауап: ұлттық және ХБ іс-қимылы туралы өзекті ақпаратпен;мемлекеттік стандарттармен нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының ресми сайтында танысуға болады (<url> www.egfntd.kz)