Артқа

Раимкулов Кайрат Мирболатович

Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

1988 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (маркетинг) және Қазақ гуманитарлық заң университетін (құқықтану) бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе облысы Қаржы басқармасының Ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысының Қаржы басқармасы Бюджетті орындауды үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;

2012-2013 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының Кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы;

2013-2015 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы;

2016 жылы - Ақтөбе қаласының Экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

2016-2017 жж. - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2017 жылы - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторы, басшысы;

2017-2018 жылдары - Ақтөбе облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары;

2018-2020 жылдары - Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

2020 жылы Ақтөбе облысы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы;

2020-2021 жылдары - Ақтөбе облысы Қаржы басқармасының басшысы;

2021-2023 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңарту күні: