Артқа

Агибаев Ербол Талапович

Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшы міндетін атқарушы

Жалпы ақпарат, білімі

1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін (есеп және аудит; құқықтану) бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2008 жылы Көксу ауданының Қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2009-2010 жылдары - Алматы облысы Көксу ауданының Ішкі саясат, мәдениет және даму бөлімінің бас маманы.

2012 жылы - Алматы облысы Көксу ауданының Тұрғын үй инспекциясының бас маманы.

2012-2014 жылдары - Алматы облысының Экономика және бюджеттік қаржыландыру департаментінің бас маманы.

2014-2016 жылдары - Алматы облысының Денсаулық сақтау департаментінің Ішкі бақылау қызметінің бас маманы.

2016-2022 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, басшысының орынбасары, басшы міндетін атқарушы.

Жаңарту күні: