«Келісілген процедураларды орындау тапсырмалары» 4400 (қайта қаралған) Ілеспе қызметтердің халықаралық стандартына сәйкес келісілген процедуралар жүргізілген нақты қорытындылар бойынша есептер (қорытындылар) аудит болып табыла ма?

«Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру.

«Келісілген процедураларды орындау тапсырмалары» 4400 (қайта қаралған) Ілеспе қызметтердің халықаралық стандарттарының 6 тармағына сәйкес келісілген процедураларды орындау тапсырмалары аудит, шолу тексеруі немесе сенімділікті қамтамасыз ететін басқа тапсырма болып табылмайды. Келісілген процедураларды орындау жөніндегі тапсырма практикалаушы маманның кез келген нысанда өз пікірін білдіруі немесе сенімділікті қамтамасыз ететін қорытынды жасауы үшін талап етілетін дәлелдемелерді алуды көздемейді.

Жарияланған күні

29 маусым 2026

Жаңарту күні

31 тамыз 2026