Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға байланысты қоғамдық қатынастар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және нормативтік-құқықтық актілерден тұратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы стандарттар мен нұсқаулар шығаратын жоғары аудит органдарының ИНТОСАЙ халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады. Осы халықаралық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында имплементацияланған.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын, активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік аудит - мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру деп белгіленген.

Мемлекеттік аудитті сыртқы мемлекеттік аудит (Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары) және ішкі мемлекеттік аудит (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметі) органдары жүзеге асырады.

Аталған органдар мемлекеттік аудиттің 3 түрін жүргізеді: тиімділік аудиті, сәйкестік аудиті және қаржылық есептілік аудиті.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері
«Денсаулық сақтауды қаржыландырудың цифрлық сервисі арқылы медициналық көмек көлемдерін орналастыруды ұйымдастыру және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары және оларды пайдалану туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 156, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 27 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 122/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ПАРАҚША

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға