Бүгін "Жұлдызды жол" айдары аясында полицияда 19 жыл бойы қызмет атқарып жүрген қызметкер - "Байқоңыр" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Қазиханов Азілхан Әмірғалиұлы туралы айтқымыз келеді. Еңбек жолын 2002 жылы ішкі істер органдарында бастап, қылмыстық іздестірудің кіші жедел уәкілі лауазымын атқарды. 14 жылдан астам Қостанай облысында басшы қызметін атқарды. Ол үлгілі отбасы отағасы және екі бала тәрбиелеп отыр.