Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкері, жедел уәкілі полиция капитаны Сұннатұлла Ғалымжан Нұрұллаұлына мәселені шешуде ат салысқаны және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Сарыарқа ауданының тұрғынынан алғыс хат. Азаматшаның айтуынша, жас полиция қызметкері Сұннатұлла бірінші кезекте атаулы тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, жұмыста кәсібилік пен шапшаңдық танытты, соған орай "Сарыарқа" ауданы ПБ - на алғысын білдірді.