Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында елордалық жастарды кибер-алаяқтық саласында қырағы болуға, сондай-ақ жастармен есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге еріктілер өз үлестерін қосты. «Астана жастары» ЖРО волонтерлері «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» ММ және «Полиция Департаментінің Криминалдық полиция басқармасы» ММ бірлесе отырып, «Саламатты ұрпақ - нұрлы болашақ» жобасы аясында халық көп шоғырланатын, жиналатын жерлерде кибер-алаяқтыққа және есірткіге қарсы бағытталған ақпараттық буклеттер мен флаерлер таратты. Алдағы уақытта суицид, нашақорлық, сыбайлас жемқорлық, кибер алаяқтық және діни экстремизм бағыттары бойынша ақпараттық буклеттер мен флаерлар таратылатын болады. Волонтерлер жас ұрпаққа есірткісіз салауатты өмір салтын ұстануға және интернет-кеңістікте абай болуға шақырады.