Өткен демалыс күндері "Алматы" ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында мерекелік концерт ұйымдастырды. Аталған іс-шараға елордалық департаменттің қызметкерлері де қатысты. "Тәртіп сақшысы" номинациясы бойынша "Алматы" ауданы Полиция басқармасының Жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Қайсар Саятұлы Садырбеков марапатталды.