Елорда тұрғыны "Сарыарқа" ауданы ПБ қызметкерлеріне, атап айтқанда жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне жұмыстағы кәсібилігі үшін алғыс білдіреді. Ағымдағы жылдың 1 наурызында кезекшілікке түскен жедел кезекші полиция майоры М.А. Жағыпаровтың басшылығымен ұрланған мүлікті іздеуге және қайтаруға көмек көрсетті.