2022 жылғы 01 маусымда Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық шеңберінде, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін және посылкалар, бандерольдер түсімдерін қарау жөніндегі 2022 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық пошта байланысы бөлімшелерінде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жіберу фактілерін анықтау мақсатында, елордалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинологиялық орталық инспекторларымен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, «Астана почтамты» филлиалы қауіпсіздік бөлімінің мамандарымен 5 пошта жөнелтілімдері тексерілді. Аталған пошта бөлімшелерін тексеру барысында есірткі және психотроптық заттар табылған жоқ.