2022 жылдың 04-09 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Департамент қызметкерлері жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін 92 азаматты және жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін 37 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұрайды. Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздігіміздің мүддесі үшін көшелерде белгіленген орындардан өтуді жүзеге асыруға, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануға, құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өту кезінде телефон арқылы сөйлесуді тоқтата тұруға кеңес береміз.