2021 жылғы 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, А-82-8 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан «Нұрлы жол» ТЖ вокзалының ғимаратында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Есірткісіз болашақ» атты ұранымен спорттық, вокалдық топтар мен би ұжымдарының және шақырылған қонақтардың қатысуымен республикалық ауқымдағы нашақорлыққа қарсы акциясы өткізілді. Іс-шара ҚР ІІМ тапсырмасы бойынша, елорда әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ ПД бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік басқармалары мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылды. Іс – шараны өткізу қоғамның назарын нашақорлық проблемасына, негізгі тәуекел топ болып жасөспірімдер мен жастардың мәселелерін кешенді шешуге, салауатты өмір салтын ұстанатын қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ есірткіге тәуелділерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қажеттігіне бағытталған. Іс-шара ПД бастамасымен әкім аппараты мемлекеттік басқармалары мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.