Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен, «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы бастау алған болатын. Аталған жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңызыды жобаларының бірі болып табылады, басты мақсаты жастар арасында бәсекеге қабілеттілікті,зияткерлікті арттыру, жүйелі және стратегиялық ойлауға үйрету болып табылады. «Brain games» жобасы аясында бірнеше спорт түрлері бойынша, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында киберспорт, шахмат және тоғызқұмалақтан ашық турнирлер болып өтті. Тоғызқұмалақ және шахмат турнирлеріне 100-ден астам қатысушылар өтінім білдіріп, жүлделі 1,2,3 орын иелеген жеңімпаздар дипломдар мен баға сыйлықтармен марапатталды. Жоба аясында өткен киберспорт турниріне «DOTA2» және «Rainbow Six Siege» дисциплиналары бойынша40-қа жуық команда тіркелді.