Бүгін Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Жастардың нашақорлық сияқты кең таралған мәселеге көңіл бөліп, шешім жолдарын көрсеткендері қуантады. 76 келіп түскен өтінімдердің арасында топ жарып, үздік деп танылған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта қатысушылардың бейнероликтерін жариялайтын боламыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!