Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық шеңберінде, сондай-ақ Астана әкімі, бекіткен "2022-2025 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала" іс-шараларының кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында Нұр - Сұлтан қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүзеге асырады. Осылайша, ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында, ағымдағы жылдың 31 мамыры Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЕҚҚКБ алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің қызметкері полиция подполковнигі Сергей Ильиных "Халықаралық Лингвистикалық колледж" студенттерімен "есірткіні, психобелсенді заттарды және олардың аналогтарын қолданудың салдары", "есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабардар болу" тақырыптарында интерактивті сабақ өткізді.