Бүгін сағат 09.42-де «TOYOTA YARIS» маркалы автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «IVECO CROSSWAY» маркалы маршруттық автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "TOYOTA YARIS" маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек.