Қызылорда облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы әділет кеңесшісі Нұрмағанбетов Батырбек Қалдыбекұлы және Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Асхат Мұхтарұлының қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Байқоңыр қаласында орын алған қайғылы жағдай туралы айтылды.