Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар
қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.К. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы |
|
|
Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне қосымша |
Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар
қатынастардың тізбесі
|
№ р/н |
Маршрут атауы (маршрут нөмірі) |
Маршрут түрі (атауы) |
|
1 |
Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) |
|
2 |
Ақтау – Тұщықұдық – Шебір – Ақтау |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) |
|
3 |
Ақтау – Форт-Шевченко – Ақтау |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) |
5
22 сәуір 2021 00:00
22 сәуір 2021