Баутин ауылы 1849 жылы Николаевск станицасы ретінде құрылған.
1922 жылы Маңғыстау уъездінің екінші партия конференциясының өкімімен Николаевск станицасы Алексей Егорович Баутиннің есімімен ауыстырылды.
Баутин ауылы шекарасы – 1104,44 гектар жерді құрайды. Қазіргі таңда тұрғындар саны – 3534 адам. Белсенді халық саны -1901. Тұрғын үй саны – 847.
Ауылда 34 бизнес объектісі бар. 1-Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі, 2 мектеп, 2 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 кітапхана, 1 пошта,1 спорт кешені, 1 мешіт тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Баутин ауылы өзінің тарихи мұраларымен танымал. Бұған куә көптеген ауыл төңірегінде орналасқан тарихи ескерткіштер:
- «Жоғарғы және төменгі маяк»;
- «Балық шаруашылығын алғашқы ұйымдастырушы Дубский Захар Кузмичтің тұрған үйі». Қазіргі: /Баутин поселкесі әкімі аппараты ғимараты/; / «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының «Баутино» теңіз сауда порты Жүк ауданы филиалы ғимараты./
- «З.К.Дубский бақшасы»; тағы басқалары.
Ғимараттың техникалық жағдайы - 1898 жылы екі қабатты ағаштан тұрғызылған, жалпы ауданы – 149,4 шаршы метр, бөлмелер саны -10.
1999 жылы ғимаратқа сыртқы көрінісі өзгертілмей, ішкі бетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Пайдалану режимі - қызметкерлер 5 /бес/ күндік, 8 /сегіз/ сағаттық режиммен жұмыс жасайды. Мерекелік күндері, аудан әкімінің тапсырмасы негізінде қызметкерлер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылады, күзетшімен қамтылған.
Ғимаратты қорғау-сақтау шаралары негізінде қызметкерлер күшімен ақтау, сырлау жұмыстары жылма жыл жүргізіліп келеді